16 наурызда Лисаков музейінде Наурыз мейрамына арналған көрменің ашылуы өтті.
Көрме Лисаков музейі мен балалар көркемсурет мектебінің "Балалар шығармашылығындағы көшпенділер мәдениеті" бірлескен жобасының бір бөлігі болды және көрермендерге Лисаков балалар көркемсурет мектебі тәрбиеленушілерінің елуден астам шығармашылық туындыларын, қазақ этнографиясының музей коллекциясындағы заттарды ұсынды.
Балалардың барлық шығармалары көшпенділердің ежелгі мәдениетіне деген ерекше балалық көзқараспен біріктірілген. Тақырыпты бейнелеу үшін жас суретшілер оны мұқият зерттеп, содан кейін педагогтардың басшылығымен өз жоспарларын жүзеге асыруы керек еді.
Көрменің ашылуында Лисаков музейінің басшысы Ш. Е. Ермағамбетова Балалар көркемсурет мектебінің директоры С. В. Карженковаға ынтымақтастығы үшін грамотаны табыс етті, келесі педагогтар грамоталарды алды: А. С. Николенко, Е. А. Николенко, Л. А. Шефер, Ю. А. Гайс, В. М. Богатко, Е. В. Харламова, И. И. Кропотова және олардың тәрбиеленушілері. Әйелдер көшбасшы клубының өкілі Т. В. Кубрак жобаның ең белсенді он бес қатысушысын естелік сыйлықтармен марапаттады.
Көрме сәуір ай ішінде жұмыс істейді, оқушылар үшін қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті туралы интерактивті сабақ әзірленді.
Ю. П. Буданова,
"Балалар шығармашылығындағы көшпенділер мәдениеті"
жобасының үйлестірушісі
Фото – Е.Сподарь, М.Сушко
https://lisakovsk-museum.kz/kz/novosti-kz/1064-t-uelsiz-aza-stan.html#sigFreeId2566c82839